Елімізде әйелдерге арналған пойыз вагондары қызметіне қатысты шағым түсірген жағдай тіркелді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы мәлім етті. «Әйелдерге арналған вагондардың іске қосылуына байланысты құқығымыз шектелді деп шағым жазған ер адамдар болды. Әйелдер арнайы вагондардың болуын қуана қабыл алды. Өз кезегінде ер адамдар да мұндай жаңашылдықтарды қолдауы тиіс. […]