Еліміздің жеке өңірлеріндегі кәсіпорындарында еңбек даулары жиілеп кетті. Көбіне олар стихиялық ереуілдерге көшеді. Әлеуметтік-экономикалық және кәсіптік талаптарды қанағаттандыру мақсатында қызметкерлер ереуіл жариялауға құқылы. Алайда бұл үшін татуластыру рәсімдерінің кезеңдерінен өту керек, әйтпесе ереуіл заңсыз деп танылады. Осыған байланысты ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі 2015 жылғы 23 қарашада қабылданған Еңбек кодексімен (бұдан әрі – кодекс) реттелетінін […]