Қазақтардың «мемлекет құрушы халық» рөлі бар. Ел иесі ретінде қазақтарға ел іргесінің сөгілмеуі, бірлікке селкеу түспеуі, тұрақтылықтың шайқалмауы үшін тарихи жауапкершілік жүктеледі. Елімізді мекен еткен әрбір диаспора өкілі де жауапкершілік арқалауы керек. Әлем бүлініп жатқанда, біз бөле-жарылмауымыз қажет. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты XXXI сессиясындағы талқылауды осылай түюге болады. Құрылтайда […]