Утильалымды «сауынды сиырдай» алты жыл армансыз сауып, «темір тұлпар» иелерінен негізсіз ақша жинаған, сөйтіп заңсыз пайда тауып келген «ӨКМ Операторы» ЖШС қасіретті қаңтардан кейін бір күнде күйреді. Енді оның «жауырды жаба тоқу» тәсілімен жасырып келген былықтары бірінен соң бірі ашылып жатыр. Экология министрлігі мен ӨКМ Операторы 180 млрд теңгені ұрламақ болғаны туралы ресми хабар тарады. […]