Шымкент қаласына іргелес жатқан Сайрам ауданы – оңтүстік жұртын көкөніспен, жеміспен қамтып отырған бірден-бір өңір. Алайда биыл оңтүстіктің 3 миллионнан аса тұрғыны жемісті сырттан тасымалдап жеуге мәжбүр болмақ. Шымкент қаласын миллионды қалаға айналдыру кезінде облыс құрамындағы Сайрам ауданы қалаға өткен болатын. Өкінішке қарай, бүгінде сайрамдықтардың жанайқайы көбейіп кетті. Әсіресе, су тапшылығы диқандарды қыруар шығынға ұшыратқалы […]