Таяуда еліміздің «көміртегі бюджеті» бекітілмек. Оған сәйкес, Қазақстан атмосфераға шығаратын көмірқышқыл газының көлемін күрт азайтуға мәжбүр болады. Елді қуаттандыратын электр стансаларына, экономиканы ілгерілететін ірі кәсіпорындарға шектеу енгізіледі. Мұның бәрі Қазақстаннан қап-қара түтінімен, бұрқыраған күлімен ауаны да, айналаны да ластайтын көмірді тұтынуды елеулі кемітуді талап етеді. Сонда кезінде «қара алтын» деп дәріптелген, қазақ жерінде мол қоры […]