«AMANAT» партиясының ХХІІІ кезектен тыс съезінде көтерілген мәселелердің бірі саяси ұйымның жанындағы қоғамдық кеңестердің жұмысын жандандыру болатын. Өйткені олардың кейбірі бірінің қызметін бірі қайталаса, енді біреулерінің нәтижесі төмен. Сол себептен қоғамдық кеңестердің саны ықшамдалып, құрамы жаңарды. Кеше Өңірлік даму бойынша республикалық қоғамдық кеңес жаңа құраммен алғашқы жиын өткізді. Жиынды Парламент Мәжілісінің депутаты, қоғамдық кеңестің төрағасы […]