Алматы облысы Іле ауданында орналасқан «Поляна» демалыс үйінің иесі Ольга Кузнецованы баскесерлер бір емес, екі рет өлтірмек болған. Ал қылмысты ұйымдастырушы бар-жоғы үш жарым жылға сотталған. Қасындағы үш айыпталушы сот залында қамаудан босатылды. Оларды шартты түрде жіберген. – Соттың мұндай шешіміне таңқалдым. 2020 жылдың 31 қазанында «Поляна» демалыс базамызға шабуыл жасалып, адамдарға оқ атқанын ауыпталушы […]