Солтүстік Қазақстан облысында 2017-2021 жылдар аралығында жүзеге асырылған «Еңбек» бағдарламасының нәтижесі көңіл көншітпейді. Қыруар қаржы бөлінген бағдарламаның түстіктегілерді қызықтырған тұсы тұрғын үймен қамту еді. Алайда бүгінде баспаналы боламын деп балағын түріп, білегін сыбанып келгендердің көңілінде алаң бар. Себебі теріскейдегі қоныс аударушыларға арналып салынған үйлердің сапасы сын көтермейді. Рас, әу баста бұл бағдарлама аясында жұмыс күші […]