Елбасы Н.Ә.Назарбаев ел дамуының жарқын жолы ретінде маман дайындаудың сингапурлық үлгісін негізге ала отырып, «Болашақ» халықаралық стипендиясын жариялағанына да 28 жылдан асты. Ол өз сөзінде: «Болашақ» бағдарламасы – Қазақстанның бренді. Біз сонау 1993 жылдан бері қанша мың жастың шетелде білім алуына жағдай жасап, олардың заман талабына сай білікті маман болуына жол аштық. Бүгінде «Болашақ» стипендиясымен оқып келген түлектер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және техника салаларында жүздеген ғылыми әзірлемелер мен ірі жобаларды жүзеге асырып, зор жетістіктерге жетіп отыр», – деген болатын.