Қазақ тағамтану академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов ас ішкен соң көп қимылдау пайдалы екенін жеткізді. Ол халқымыздың ежелден-ақ етке құмар екенін айтып, алайда оның зиянын да мәлімдеді. «Етсіз тамақты тамақ деп санамайтыны да рас. Бірақ, жемесе түсіне, жесе тісіне кіретін ет шіркіннің зияны басым екеніне көп адам назар аудармайды. Рас, ертеде ата-бабаларымыз жылқы […]