Павлодарда 18 жастағы бойжеткен пойыздың төбесінде селфи жасамақ болып, тоққа түсіп, күйіп қалған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. «18 жастағы бойжеткен электр тогынан қатты жарақаттанған. Денесінің оң жақ бөлігін термиялық күйік шалған. Сонымен қатар II-III дәрежелі шок алып, басының жоғарғы жағы қатты көгеріп қалған» – деп хабарлады Облыстың денсаулық сақтау басқармасы. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың денесінің […]