Бүкіл ғаламға, соның ішінде Орталық Азия елдеріне климаттық қауіп төнді. Ғылыми орта мен ақпарат құралдарын дүр сілкіндіріп, мұхиттың экваторлық тереңдігінен «Эль-Ниньо-Годзилла» деген үрейлі атқа ие феномен бас көтеріп келеді, деп хабарлады inbusiness.kz. Ғалымдардың алаңдауынша, бұл – температураның жай ғана маусымдық ауытқуы емес, Жердің метеорологиялық картасын астаң-кестең қылуға қауқарлы, жоғары деңгейдегі жаһандық апаттың хабаршысы болуы мүмкін. …