Павлодар қаласындағы Усолка өзенінде бір топ аққу қалып қойды. Қала тұрғындары күздің қара суығына қарамастан айдында жүзген аққуларды суретке түсіріп, әлеуметтік желілерге жаппай жариялап жатыр. Алайда табиғат қорғаушылары киелі құстардың қыстап қалуына алаңдаулы. Су беті толық қата бастаса, аққулардың қорек табуы қиындауы мүмкін.
Өмір