Гауһар Ассион 22 жылға жуық Францияда тұрады. Жеті жыл бойы заңсыз мигрант болып жүрген ол қазір Париждегі екі мейрамхананың иесі. Алғаш ашылған Chez Mademoiselle мейрамханасы 4 жыл қатарынан Мишлен гидіне енді, өзі Франциядағы ең үздік 15 әйел аспаз тізіміне кірген. Forbes Kazakhstan Гауһармен сұхбаттасып, Франция мен Қазақстандағы мейрамхана бизнесінің ерекшелігі, карантиндегі қиындығы туралы сөйлесті. Ресей мен Украина арасындағы соғыс кесірінен қалай табыстан айырылғаны туралы да айтып берді