Сұрақ: Әрбір адамға бір шайтан тиесілі деген рас па? Жауап: Жындардың кәпірлерін «шайтан» деп атайды және олардың саны өте көп. Санының қанша екені бір Аллаға мәлім. Әрбір адамды бақылап жүретін шайтан болады. Бұл мәселеге қатысты пайғамбар (с.ғ.с.): «Менің жыным маған бағынған» (Термези, Муснад, III / 309), – деп айтқан.