Ғаламда пайда болған барлық нәрсе иләхи тағдыр мен қазаға қарай орын алады. Өйткені, Құран[2] мен хадистерде[3] барлық нәрсенің жаратылмай тұрып, алдымен жазылғандығы және орын алатын барлық нәрсенің осы жазмышпен жүзеге асатындығы айтылған. Алла тағала жақсы-жаманды барлық нәрсені терең ілімімен алдын-ала біліп, сол іліміне қарай лаух-ы махфузға жазып қойған[4]. Осы арқылы мүминдерді иманға, кәпірлерді күпірге «итермелеместен» баршаға өзінің дербес қалауымен әрекет етуіне мүмкіндік берген. Сондай-ақ, әр адамға қаласа, иман етуіне, қаламаса, иман етпеуіне қажетті ерік-жігер берген.