Жалпы жоғалған затты «луқата» деп атайды. Луқата – иесі белгісіз, тауып алынған құны бар затқа қатысты айтылатын сөз. Жоғалған затты тауып алған адам иесіне қайтару ниетімен оны алуы – мубах (ұнамды іс). Тауып алғанын міндетті түрде жария етеді. Иесі табылса, қайтарып беру арқылы сауап алады. Ал «маған аспаннан түскен ризық» деп қалтасына салып алуы – харам. Егер даладан, басқа жерден құнды зат тауып алсаңыз оның аманат екенін ұмытпаған дұрыс.