Әһлі сүннет сенімі бойынша ізгі амалдардың және Құранның сауабын марқұмдарға бағыштауға болады. Имам Тахауи өзінің «әл-Ақида әт-Тахауия» кітабында: «Тірілердің дұға-тілектері мен садақалары өлгендерге пайда береді. Алла Тағала дұға-тілектерді қабыл етеді, құлдарының қажеттіліктерін өтеп береді» [1], – деп келтірген.