Жат ағымдардың арбауына көп жағдайда пиғылы мен ойлау жүйесі теріс, сауаты төмен, түсінігі таяз адамдар түседі. Бұл теріс пиғылды қой терісін жамылған жамағаттың көсемдері қазіргі күні көше кезіп табанын тоздырмай-ақ, интернет арқылы бүкіл кеңістікке сөздерін жеткізіп отыр.