Әдетте адам оның өміріне тек үлкен оқиғалар әсер етеді деп ойлайды. Алайда бұл пікір дұрыс емес. Біздің кез-келген кішігірім қозғалысымыз бен іс-әрекетіміз болашағымызды құрайды. Біздің бүкіл өміріміз кішкентай сәттердің байланысынан тұрады. Алла Тағала қасиетті Құранда былай дейді: «...Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді. Ал және кім тозаңның түйірінің салмағындай жамандық істесе, оны көреді» («Зілзала» сүресі, 7-8 аяттар).