Сәресі ішілмейді. Оразаның соңғы күні, яғни айттың алғашқы таңындағы сәресі ішілмейді. Көпшілік арасында сәресі ішіп, айт намазына бару қажет деген қате түсінік қалыптасқан. Бұның діни негізі жоқ. Керісінше, айт намазына барардан алдын үйден дәм тату сүннет. Бурәйда (р.а.) былай дейді: «Алла Елшісі (ﷺ) Рамазан айтында дәм татпай үйден шықпайтын» (Әбу Дәуід).