Дұға – Алла мен пендені байланыстырушы көзге көрінбес көпір іспетті. Дұға етудің өз орны мен әдебі бар, ең бастысы – таза жүрекпен, ықыласпен ниеттенген жөн. Ол қиналған, ауырған сәттерімізде ғана емес, алдын-ала ауру-сырқау, тіл-көзден, қауіп-қатерден, бәле-жаладан бізді сақтап, бақытты өмір сүруімізге септігін тигізеді. Дұғалардың түрлері өте көп. Ал қазір таңертең және кешке оқылатын дұғаларды ұсынбақпыз.