Хәкім Абай қара сөзінде: «Махшарға барғанда Құдай тағала қажы, молда, сопы, жомарт, шейіт - соларды қатар қойып, сұрар дейді. Дүниеде ғиззат үшін, сый-құрмет алмақ үшін қажы болғанды, молда болғанды, сопы болғанды, жомарт болғанды, шейіт болғандарды бір бөлек қояр дейді. Ахиретке бола, бір ғана Құдай тағаланың разылығын таппақ үшін болғандарды бір бөлек қояр[1]» дейді. Бұл – хадис.