Ауғанстанда әйелдер қоғамдық орындарда пәрәнжі киіп жүруге қарсы наразылық танытып, шеруге шықты деп хабарлады turkystan.kz. BBC news-ке сілтеме жасап. Наразылыққа тәліптер әйелдердің киіміне қатысты тәртіпті қатаңдатуы түрткі болды. Енді қыз-келіншектердің бәрі хиджаб киіп жүруі керек. Белсенділер бұл келешекте барлық әйелден пәрәнжі киюді талап етуге әкеледі деп уайымдайды. Ауғанстандық әйелдердің ауылды жерлерде пәрәнжі киюі кеңінен тараған. …