Австрия Украинадағы қарулы қақтығысқа байланысты Ресейдің мұнайынан түбегейлі бас тартуға шешім қабылдады деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы мәліметті Австрияның OMV мұнай компаниясы берді. APA агенттігінің хабарлауынша, қазіргі күні Австрияға көбінесе Қазақстанның мұнайы жеткізіледі. «Австрияға мұнайдың 38,9 пайызы Қазақстаннан келеді. Ливиядан қара алтынның 22,1 пайызы, Ирактан 20,7% мұнай жеткізіледі. Ресейден 7,8% келетін. Енді олар бұдан да …