Әлеуметік желіде Қазақстаннан Украинаға барған бір топ қазақ жігіттің Гостомель қаласында қарулы қақтығыстан әбден шаршап, қиналған жергілікті халыққа тамақ пісіріп, ас таратып жүрген видеосы шықты деп хабарлады turkystan.kz. Бейнежазба Facebook-те Бауыржан Қаріпов есімді азаматтың парақшасында жарияланды. Гостомель – Киев облысындағы қала типтес поселке. Әкімшілік жағынан Ирпин муниципалитетінің құрамына кіреді. Бұл елді-мекен де осыдан бір ай …