Журналист Денис Кривошеев Facebook-тегі парақшасында Мәскеудегі әуежайда қазақстандықардан жауап алынып, телефондары толық тексеруден өтіп жатқанын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Мұндай тексеріс 2-3 сағатқа дейін созылған. Әртүрлі сылтаулармен ер адамдарды қосымша тексеріске қалдырыпты. Айта кетсек, Ресейде қазақстандықтарды тексеру күшейтілсе, әлеуметтік желілерде Қазақстанда ресейліктерге ЖСН беру көбейіп жатыр деген ақапарат тарады.