Германия Финляндия басшылығының елдің НАТО-ға кіру ниеті туралы мәлімдемелерін құптайды деп хабарлады turkystan.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. «Бұл туралы Германия канцлері Олаф Шольц Финляндия президенті Саули Ниинистёмен телефон арқылы сөйлескен кезде айтты», – деді Германия үкіметінің ресми өкілі Штеффен Хебестрайт. Сондай-ақ канцлер Берлин бұл процесте толық қолдау көрсететініне уәде берді.