Ресейдің Белгород облысында оқ-дәрі қоймасы өртенді. Зардап шеккендер жайлы дерек жоқ. Бұл туралы облыс әкімі Вячеслав Гладков өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. «Белгород облысы, Валуйский ауданы, Тимоновское селолық округінде орналасқан оқ-дәрі қоймасы өртенді. Соңғы мәліметтер бойынша, зардап шеккендер жоқ. Аудан басшысы Тимоново және Солоти ауылдарының тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп жатыр», – деп жазды Гладков. …