Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Пактика провинциясында болған қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны мыңнан асты. Осы төтенше оқиғаға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі көңіл айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Ауғанстанның шығысындағы жойқын жер сілкінісінің кесірінен елеулі адам шығынына байланысты ауған халқының қайғысына ортақтасамыз. Қазақстан халқы мен басшылығының атынан осы апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына шын жүректен …