АҚШ-тың Техас штатында теміржол бойынан жүк көлігінен 46 адамның мәйіті табылды деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап Дереккөздің жазуынша, марқұмдардың құжаты болмаған. Бірақ полицейлер оларды мигрант болуы мүмкін деп топшылайды. Сондай-ақ осы жүк көлігінде болған тағы 16 адам анықталды. Арасында кәмелеттік жасқа толмаған 4 бала бар. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.