Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады. 2 мамырда Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Облыстың батысында, шығысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел күтіледі. Ақтауда шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде 2 мамырда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде – 3 градусқа дейін аяқ болады. […]