Каспий теңізінде круиздік туризмді дамыту аясында бес мемлекетте жұмыс жүргізіліп жатыр. Шеңберлі бағыт Қазақстан-Түрікменстан-Иран-Әзербайжан-Ресей мемлекеттерінің арасын жалғайды деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қасым Тілепов Ақтау қаласының көркейіп келе жатқанын айтты. «Ақтау қаласының қалай түрленгенін көріп отырсыздар. Жағалау абаттандырылып, …