Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 16 желтоқсанда Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан хабарлады.