Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықов 2024 жылғы 29 ақпанда Сенат отырысында 1 миллион теңгеге дейінгі мобильді аударымдарды тексеруді тоқтатуға болатынын айтты. Мұндай ұсынысты бұған дейін Мәжіліс депутаты Азат Перуашев айтқан болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.