Синоптиктер Қазақстандағы 2023 жылғы 7 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды – ел аумағында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, шаңды дауыл тұрады деп болжанды. Республиканың бірқатар өңірінде аптап ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.