Бүгін Астанада "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері мен марапат иелері қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.