Ақтөбеде 3 облыстан фермерлер жиналып, ауыл шаруашылығына берілетін субсидия талаптарын қайта қарауды сұрады. Олар аграрлық несие корпорациясы мен "Бәйтерек" ұлттық холдингіне қатысты шағым айтты. Өйткені 5-6 пайызбен беріліп келген несиенің пайыз үстемесі бірден 6-7 есе көбейген.