Алматы полиция департаменті түнгі қайғылы оқиғаның жай-жапсарын жариялады. Бір күн бұрын ер адам тұрғын үй кешендерінің бірінде күзетшіні ұрып-соғып, кейін ол қайтыс болды. Ал төбелес шығарған адам 14-қабаттан секірмек болған, алайда тәртіп сақшылары әрекеттің алдын алды.