Қаңтардың 22-нен 23-іне қараған түні Алматыда болған жер сілкінісі қала тұрғындары мен қонақтарды дүр сілкіндірді. Халықтың зәре-құты қашып, көбісі былтырғы ақпан айындағы 59 мың адамның өмірін қиған Түркияның оңтүстігі мен Сирияның солтүстік-батысындағы зілзалаларды еріксіз еске түсірді.