Алматыда жастардың арасындағы төбелесте жапа шеккен бір жігіттің жағдайы ауыр. Дәрігерлер қатты соққы алған азаматтың бір көзі көрмей қалуы мүмкін деп отыр. Алдағы күндері оған ота жасалады. Алдыңғы аптада болған жанжалда таяқ жеген тағы екі жігіттің миы шайқалған, деп хабарлайды Zakon.kz.