Алматы мен Шымкент, Тараз бен Талдықорған және Түркістан қалаларында газ құбырлары түгел тексеріліп жатыр. Өйткені, Алматыда болған 5 балдық жер сілкінісінен кейін әр жерлерде көгілдір отынның сыртқа шығып жатқаны белгілі болған. 3 аптаның ішінде бас-аяғы 48 ақау анықталыпты.