Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда ай сайынғы мемлекеттік стипендиялардың мөлшері ұлғаяды, Үкіметтің тиісті қаулысына ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.