Атырау облысының ПД қызметкерлерімен "Бекіре" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Исатай ауданы, Сарыөзек ауылының тұсында 30 жастағы тұрғынның басқаруындағы Skoda Rapid автокөлігін тексеру кезінде жалпы салмағы 100 келі болатын бекіре тұқымдас балығы тәркіленді.