Елімізде осы оқу жылынан бастап 7 145 студенттің жатақханада тұру ақысы мемлекет тарапынан өтеледі. Президенттің халыққа арнаған жолдауында «әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған санаттағы жастар үшін жатақханада тұру шығыстарын субсидиялау» туралы үкіметке нақты тапсырма жүктелген.