Әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысының тұрғыны жазба жариялап, Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылында адамдар "жаппай көз жұмып жатқанын" дабыл қағып жеткізді. Ол ауыл адамдары түсініксіз жағдайда о дүниелік болып жатқанын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.