Қарулы күштердің Қонаев гарнизонындағы десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері парашютпен жоспарлы секіруді орындады. Олардың ішінде халықаралық әйелдер күні қарсаңында "Мен мамандығымды жақсы көремін" челленджін бастаған 13 санитарлық нұсқаушы қыз бар.