Ақтөбе облысы Хромтау ауданының тұрғыны бұрынғы әйелін алимент өндіру үшін сотқа арыз бергені үшін соққыға жығып, бас бостандығынан шектелді. Енді ол жазасын Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Хромтау аудандық пробация қызметінің есебінде өтейтін болады.