Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) басшысы Аркадий Дворкович Үндістан Гран-приінің 3-кезеңінің қатысушыларынан турнирді ұйымдастырушылардың қателіктері үшін ресми түрде кешірім сұрады. Бірақ турнирде қалуға ниет білдірген 11 шахматшының тізімінде Жансай Әбдімәлік болған жоқ.